24 қыркүйек 2016, 09:00
Алматы
Айдың арғы беті
#TEDxAlmaty тобы таратуға тұрарлық идеялардың жетінші конференциясын ұйымдастыратынын хабарлайды. Конференция 24 қыркүйек 2017 жылы өтеді. TEDxAlmaty тақырыбы: Айдың арғы беті
Дүниенің жұмбағын шешуге ұмтылып, айнала болмысқа үңілеміз. Біріміз белгісізден үркіп, ат-тонымызды ала қашсақ, енді біріміз білмекке құмарлықтың жетегінде жүріп, айдан алыс қашықтыққа қол созамыз.
Бітіміміз бір болғанмен, бірдей емеспіз. Жаратылысымыз ұқсас болса да, дүниені тануымыз әркелкі. Бірақ біз әлемді танысақ дейміз.
Ширегін танып, жартысын қанағатқа қалдырамыз.
#Айдыңарғыбеті бар екенін білеміз. Әйтсе де, оның қандай екенін тек топшылаймыз, жай жорамалдаймыз. «Айдың арғы беті мүлдем өзгеше, біздегідей емес», - деп тон пішеміз. Оны өзімізден алыстатып, жақындауға жан салмаймыз да... Уақыт өте келе Айдың арғы бетін ұмытып кетеміз. Ай сол қалпы. Міз бақпайды. Үнсіздігі күдік ұялатады. Айдың арғы жағын көрмесек те күмәнданамыз, білмесек те бөтенси қараймыз.
Айдың арғы беті дәл жанымызда болса ше? Ол сіз бен біздің көрсек те тани алмай жүрген көршіміз, қаланың екінші басында тұратын сіз сияқты жаяу жүргінші немесе өзіңіздің ішкі күйзелісіңіз болса ше? “Айдың арғы беті” әлем шулап жүрген ғаламдық жылыну немесе мұнай бағасы болса ше? Ай – ортақ, Күн ортақ болғанымен, әркімнің өз Айы, әрі ол айдың арғы беті бар.
Біз шығармашылығының шегін білмейтін суретшіні, ғылым мен технологияның құпиясына бойлаған ғалымның Айының арғы бетін көргіміз келеді. Бір бүтінді құрайтын екі бөлшек бір-бірін таныса дейміз.
TEDxAlmaty конференциясына дайындық барысында тақырыпқа басқа қырынан қарап, қазақша ойлайтындардың арасынан жаңа бастамалар күтеміз.
TEDxAlmaty сахнасында өз идеясымен бөліскісі келетіндер ұсыныстарын жолдай алады. Егер сіз суретші, ғылыми қызметкер, өнертапқыш, зерттеуші болсаңыз, елден ерекше тақырыпты зерттеп жүрсеңіз, www.tedxalmaty.com сайтына өтінішіңізді қалдырыңыз. Сіздің ойыңыз конференция тақырыбымен үндес болса, міндетті түрде хабарласамыз.
Бізбен бірге Айдың арғы бетіне серуендеп қайтамын десеңіз, 17 тамыздан бастап конференцияға қатысушы ретінде тіркеліңіз.
ПО ТУ СТОРОНУ ЛУНЫ
Команда TEDxAlmaty объявляет о проведении седьмой конференции идей, достойных распространения. Конференция состоится 24 сентября 2017 года. Тема TEDxAlmaty: Айдың арғы бетi.
Тема, которую мы выбрали своего рода эпитом любознательности: что же там, на другой стороне Луны? Та самая здоровая любознательность, что движет человеческий прогресс. Любознательность, которая вела человека сначала на Луну, а теперь и на освоение новых миров. Что скрыто от наших глаз? Возможно, это красота, в которую мы могли бы влюбиться, если бы только знали о ней. Возможно, это опасность, о которой лучше знать заранее.
Но мы выбрали эту тему как наш гуманитарный манифест, как рефлексию на видимый разрыв культур, происходящий в обществе. Этот разрыв, который мы можем наблюдать, выражается через стереотипы, внутренние ограничения, критику, обиды, стигмы. И чем больше ты думаешь о них, тем теснее сжимается рамка, граница, тем меньше мы чувствуем себя свободными, тем больше скованными, реагирующими, но не творящими. Как две стороны Луны, эти стороны словно скрыты друг от друга.
Мы хотим нащупать эти границы среди даже среди самых свободных художников, мы хотим раздвинуть границы возможного в технологиях и науке, мы хотим найти новые языки общения друг с другом, мы хотим выйти за границы необычности. Мы за идеи творящие.
В подготовке к конференции мы, как команда, будем выходить за границы своих представлений и привычных географических мест обитания. Мы принимаем манифест как новый способ исследования темы и будем искать нашу аудиторию вне “золотых квадратов”, “ниже Ташкентской предлагать”, “қазақша сөйлеймін”.
Также, мы принимаем идеи для выступлений. Если вы исследователь, художник, научный сотрудник, изобретатель, с уникальной идеей, разработкой, прекрасным видением мира - напишите нам. Заявку на выступление можно подать на нашем сайте: www.tedxalmaty.com. Если ваша идея нам понравится, мы свяжемся с вами.
Регистрация же участников на конференцию откроется 17 августа.