Іргелі ғылымның маңызын барлық адам түсінетін сияқты, бірақ шын мәнінде оның қажеттілігі мен пайдасын көп адам түсіндіріп бере алмайды. Іргелі ғылымның негізгі міндеті табиғаттағы немесе қоғамдағы үрдісті неліктен солай болатынын түсіндіру. Жұлдыздар шаң-тозаң, газдардың шоғырланып тығыздығы артқан кезде жаратылады. Сол сияқты білім де бастапқыда көзге көрінбейді. Бірақ белгілі бір тығыздықты қалыптастырған кезде революциялық ойларды тудырады - қоғамда және ғылым мен техникада прогресс жасалады.